Күршім ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

2482
көрілім

18 қазанда Күршім ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Оқу-жаттығу барысында терроризмге осал объектілерге терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған. 

- Күршім аудынының тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз, - деп хабарлады Күршім аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан.