Ресми ақпаратпен аудан әкімдігі бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күршімдіктер қуанышты жайттардың Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келуін жақсы ырымға балады. Айтуларынша, аяз беті қайтқан сенбінің сәтінде оң хабар бірнеше ауылды қамтыды. Айталық, Бірлік, Барақ батыр ауылдарында воркаут пен шағын футбол алаңы ашылып, Алғабас ауылында көпбалалы отбасы баспана кілтіне ие болды.
Сарыөлең ауылындағы Жамбыл көшесінде де спортты серік еткендер үшін воркаут пен шағын футбол алаңы ашылды.
Қыстың алғашқы айында көптің басы қосылып, ақсақалдар жылы лебіздерін білдірді. Төрт ауылда да мерекенің лебі сезілді.