Күршім ауданында заңсыз металл қазумен айналысқан ер адам ұсталды

4379
көрілім

Күршім ауданы аумағында металл қазумен заңсыз айналысқан Ұлан ауданының тумасы ұсталып, ҚР ӘҚтК-нің 463 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жер асты қазба байлығына əрі көне обаларға толы Күршім ауданы аумағында мұндай жайттар жиілеген.

- Қолдарындағы металіз­д­егішпен (металлодетектор) ала жаз­дай дала кезіп, монета-тиын жинап жүргендер жетерлік. Ескі оба қалашық үйіндісінің жер қыртысын қопаратын қазушыларды анықтау Күршім тәртіп сақшылары жұмысының бір бөлігіне айналған. Табиғат пен археологиялық құндылықтарға зиян келтірушілер жауапкершілікке тартылуы тиіс, - делінген мәліметте.