Күршім ауданының орталығында "Мемлекеттік рәміздер аллеясы" ашылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– Тәуелсіздігіміздің айғағы болып табылатын Ту, Елтаңба, Әнұран тақтасы айқындалған монумент Күршім ауылында орнатылды. Сондықтан тәуелсіз елдің жастары үшін бұл жер аса қадірлі болмақ деп сенемін, – дейді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.
Тұрғызылған монументтің биіктігі 18 метрді құрайды. Аллеяның ашылуына орай жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдап, Отанымыздың дамуы үшін барлық күш-жігерлерін жұмсайтынын айтты.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ