Күршім ауданының орталығында жаңадан спорт кешені салынады. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде ШҚО әкімі мәлім етті деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышовқа және облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановқа осы мақсатта тиісті жұмыс атқарып, нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар өңір басшысы балабақша мәселесіне назар аударды. Аудан әкімі мен облыстық білім басқармасының басшысына Күршімдегі әскери бөлім аумағында тұрған бұрынғы балабақша ғимаратын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында іске қосуды жүктеді.
Бүгінде Күршім ауылында екі балабақша бар, 120 бала кезекте тұр.