Күршім ауданында жас полиция қызметкерлері ант берді

5570
көрілім

Қазақстан Полициясы күні қарсаңында Күршім АПБ-де жас полиция қызметкерлері Отан және халық алдында адалдыққа ант берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты жағдайда алғашқы офицерлік погондар тапсырылып, Күршім АПБ бастығы, полиция подполковнигі Серік Манапов құттықтау сөз сөйледі.

«Ант беру халыққа және елге адам қызмет етудің қасиетті рәсімі» екендігін баса айтқан бөлім басшысы жас мамандарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ күршімдік құқық қорғау органдарының ардагерлері сөз алып, жас буынға міндеттерін абыроймен атқаруды жүктеді.

Ант қабылдаған жас тәртіп сақшыларына сылықтар табысталды.