Күршім ауданында 8-17 қараша аралығында республикалық "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінгі күнге дейін акция барысында 32 құқықбұзушылық анықталып, хаттамалар толтырылды. Түнде алты патрульдік көлік, күндіз үш көлік ауылдар ішінде және аудандық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ Марқакөл ауылында бір патрульдік көлік кезекшілік жүргізуде. Барлық ауылдық округтерде учаскелік полиция инспекторлары тәулік бойы міндеттерін атқаруға дайын.
- Сонымен қатар аудан бойынша өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Күршім АПБ ЖПҚБ КТІжУПИ, полиция капитаны Е.Тукбиев, ӘПБ ЖжТИ, полиция аға лейтенанты А.Сапарғалиев мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен бірлесе отырып, мектеп оқуышылары мен ата-аналарның қатысуымен жол жүру ережесі тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Балаларға қосымша буклеттер таратылуда, - делінген мәліметте.