Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасына cалынатын көпір құрылысы 2021 жылы басталады

4756
көрілім

Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасының үстіне cалынатын көпір құрылысы 2021 жылы басталады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұқтырма су қоймасындағы көпір құрылысы ішкі туризмнің Күршім, Қатонқарағай және Зайсан аудандары сияқты көркем аймақтардың даму болашағын бекіте түседі. Күршім ауданында көпір салу туристерді неғұрлым көп тартып қана қоймай, жалпы аймақтағы экономиканың оңды дамуына әсерін тигізеді.
- Жоба отандық құрылыс индустриясының, құрылыс материалдары өндірісінің (қиыршық тас, құм және т.б.), көпірге арналған темірбетон конструкциялары өндірісінің, автомобиль жолдарының асфальтбетон жамылғысы өндірісінің өсуіне оң әсер етеді. Сауда және көлік-логистикалық кәсіпорындар жанар-жағар май материалдарына шығындарын қысқарта алады, бұл аймақтағы ішкі сауда айналамының өсуіне ықпал етеді. Трасса бойымен көпірден көпірге дейін, жанармай құю және техникалық қызмет көрсету стансалары салынады, ал бұлар солардың иелеріне қосымша пайда әкеледі, - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, бұл жоба Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыспен қамту үдерісіне айтарлықтай жағымды әсерін тигізеді. Айрықша жоғары жағымды нәтижеге 2020-сыншы жылдан 2022 жылға дейін, нысан құрылысы жүріп жатқан кезде қол жеткізілмек. Жалпы алғанда, жоба аймақ тұрғындарының өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатының өсуіне де оң әсер етеді.