Күршім ауданындағы мұз өткелі жабылды

789
көрілім

Күршім ауданындағы «Қызыл Ту» мұз өткелі жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, күннің күрт жылуына және мұздың еруіне байланысты «Қызыл Ту» мұз өткеліндегі көлік қозғалысы тоқтатылды. 
- Жүргізушілер сонда орнатылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау керек. Паром өз жұмысын бастағанға дейін Күршім ауданына тек көлік жолы («Күршім-Үлкен Нарын-Алтай-Өскемен» және «Күршім-Зайсан – Өскемен») арқылы баруға болады, - делінген мәліметте.