Күршім ауданындағы су тасқыны қауіпі бар жеті нысанда бөгет салынуда

152
көрілім

Күршім өзенінің бойындағы және су тасқыны қауіпі бар нысандарда ұзындығы екі шақырымнан асатын бөгеттер тұрғызылу үстінде. Бұл бөгеттердің арқасында аудан тұрғындарын тасқын су қауіпінен қорғау мүмкін болмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Қазір ауданда өзен жағалауларын нығайту жұмыстары жүріп жатыр.Бөгеттерді әуелі тас төсеп, кейін оның үстіне шағыл аралас қиыршық тастармен бекітеміз. Бөгеттерді дәл осындай технологиямен жасау тиімді, бұндай берік бөгеттер болмаса төтенше жағдай кезінде елді мекенді су шайып кетері анық, - деді аудан әкімі Алмат Ақышов. 
Қарқынды дайындық ауданның бірқатар ауылдарында жалғасуда. Атап айтқанда,  Топтерек ауылында, Күршім өзенінің “Тырла” уческесінде метр, Бірлік ауылында, Бурабай ауылында бөгеттер салынған. Сондай-ақ, Маралды, Үшбұлақ ауылдарында және Қалғұты өзенінде бөгет тұрғызып, жағаны бекіту жұмыстарына дайындық жалғасын табуда. Дайындық жұмыстары ағымдағы айдың 25-не дейін аяқталады.
Сонымен қатар, ауданда тұрғындар үшін толық керек-жарақпен қамтылған уақытша эвакуациялық пунктер даярланған, қауіп төне қалған жағдайда тұрғындар үшін жатын орын мен тамақтану орындары қамтылған.