Нәтижесінде өсу қарқыны 109,6 пайызды, нақты көлем индексі 102,4 пайызды құрады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Өткен жылы бұл көрсеткіш 13022,1 млн.теңге болған. Жалпы, аудан басшылығы ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлуде. Соңғы 8 айда 7895,9 тонна ет алынып, оны өндіру көлемі 3,0 пайызға, сүт өндіру 1,2 пайызға өскен.
– Агрокәсіп– ауданның негізгі салаларының бірі. Сондықтан малмен айналысу, егін егу, көкөніс өсіру сияқты шаруаларды алға тартамыз. Биылғы жылдың өзінде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1 млрд.601 млн.400 мың теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға өсті, – дейді аудан әкімі Дулат Зайсанбекұлы.
Бұған қоса өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2 млрд.тан аса қаржыны құраған.