Күршім ауданының бірнеше ауылындағы жол жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгені анықталды

721
көрілім

Күршім ауданының прокуратурасы тілшілермен бірлесіп, бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдарға тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінің қорытындысы жауапты мердігерлерді жолды қайта жөндеуге міндеттеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.   

Облыс прокуратурасының хабарлауынша, аудан орталығы және ауылдық округтердегі барлық жолдар мен жүргіншілер жүретін жолдар назарға алынып, 55 шақырымды құрайтын 34 автомобиль жолы мен көшесі тексерілді. Тексеру барысында ауданның мердігер ұйымдардың тарапынан міндеттерді орындамау фактілері анықталды. Мысалы, Күршім ауылының Б.Момышұлы және Исабеков атындағы көшелерінде бұрын жөнделген жолдың асфальты отырып қалған. Сонымен бірге, аталған көшенің жол жабындысы шайылып кетіп, жол шетінде шұңқырлар пайда болған. Марқакөл, Боран, Абай, Ақбұлақ, Төсқайың, Қалғұты, Маралды, Құйған ауылдарында және басқа да ауылдық округтерінде жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгені анықталды, Қадағалау органы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

Прокуратура мен аудан әкімдігінің бірлескен әркеттері нәтижесінде мердігерлік ұйымдар аудан орталығында 12 жол мен көшелерді жөндеді. Сондай-ақ, аудан жолдарының зақымдалған учаскелерінде шұңқырлар және басқа да кемшіліктер жойылуда.