Күршім ауданының халқы МӘМС жүйесіне қатысты сауалдарына жауап алды

519
көрілім

Аудан әкімі Алмат Акышовтың ұйымдастыруымен ШҚО МӘМС Қоры филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев аудан әкімдігінде  міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізді.

Жиналысқа мекеме қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу Инстаграм желісі арқылы онлайн режимде де өтіп, оқырмандардан түскен сұрақтарға аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ләйлім Шоқаева жауап берді.

Кездесу  аясында аудан тұрғындары облыстан  жұмыс сапарымен келген  Нұрлан Икрамұлына толғандырған сауалдарын қойды. Жиналғандарға кездесуде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ӘМСҚ филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев 2022 жылдың қорытындысы және алда атқарылатын жұмыстар туралы толық ақпарат берді.

«Бүгінде Күршім ауданындағы халық саны 21000 мыңнан асады. Ауданның 3511-ге жуық тұрғыны әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебесі жоқ. Соның салдарынан бұл азаматтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтеріне қол жеткізе алмай отыр. Бұл қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық медициналық қызметтер, жоспарлы ауруханаға жатқызу, оңалту және т.б.», - деді Нұрлан Қыдырбаев.
 
Облыстық ӘМСҚ филиалының басшысы МӘМС-ке төлемдер 12 ай ішінде жүргізілуі тиіс екенін еске салды. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді қоспағанда. Біріңғай жиынтық төлем жасайтындар үшін «сақтандырылған» мәртебесі 3 айлық тұрақты төлемдерден кейін тағайындалады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары бар болғаны 1 725 теңге (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін – 3 450 теңге) төлеп, міндетті медициналық сақтандыруға ғана емес, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарына, табыс салығына, әлеуметтік аударымдарға осы төлем ішіне еніп отыр. Өздігінен төлеушілер жарнаны бір жыл бұрын төлеуге мүмкіндігі бар. Мысалы, 2023 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін (3500 теңге х 12 = 42 000 теңге). Кездесу барысында азаматтар міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өз сұрақтарын қойып, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді ортаға салды.

«Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі, бұл жиын ауданымыздың өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, маусымдық жұмысшыларды МӘМС жүйесіне тарту бойынша атқарылуы қажет жұмыстардың тетіктерін толығырақ көрсетті. Әрбір мемлекет өзі­нің азаматтарына қол ұшын беріп, денсаулығын сақ­тан­дыру­ға кепілдік береді. Жұмыс беруші­лер немесе кәсіпкерлер қол астын­дағы еңбеккерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыруға мүд­делі болса, қарапайым халық өз денсаулығына өзі ұқыптылықпен қарап, дер кезінде дәрігерге қара­луы тиіс.», - деді аудан әкімі Алмат Акышов.