Мылтықтармен қатар оқ-дәрілер де тәркіленген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тұрғындардан бір тегіс ұңғылы, бір ойық ұңғылы мылтық және 198 оқ-дәрі анықталды.
- Аталған іс-шараның мақсаты – заңсыз қару айналымын анықтауға бағытталған болатын. Сондай-ақ азаматтық, қызметтік қару айналымын бақылау жүзеге асырылды. Азаматтық қаруды сақтау шарттары мен ережелері де жіті тексерілді, – делінген мәліметте.