Күршім ауданының тұрғыны әйеліне бейәдеп сөз айтқаны үшін қамауға алынбақ

269
көрілім
Фото: www.zharar.com сайтынан

Ер адам үйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздерін жаудырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, ауыл тұрғыны үйінде айқай-шу шығарған. Сот оны кінәлі деп танып, ӘҚБтК-нің 73 бабының 2-бөлігіне сәйкес 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Валентина ГЕОРГИЕВНА