Күршім мен Самар аудандарында онколог мамандар тапшы

261
көрілім
Фото azh.kz сайтынан

Бұл туралы ШҚО көпсаласы онкология және хирургия орталығында «Бас және мойын ісіктері туралы Республикалық хабардар болу апталығы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мамандар сөзінше, онкология саласындағы кадрлар мәселесі – алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі. 5-6 жыл бұрын бізде сәулелік терапия, химиятерапия, хирург, реанематологтер жетіспейтін. 
– Қазір мамандар тапшылығы жоқ. Оған бірден бір себеп – біздің орталықта Семей медицина университетінің резиденттері 2-3 жыл уақыт жұмыс істеп, тәжірибе жинайды. Мамандарды даярлау бағдарламасының арқасында оқудан кейін бізде қалып, жұмысқа орналасады, -деді  ШҚО көпсаласы онкология және хирургия орталығының директоры Гүлмира Сагидуллина.
Орталық басшысының сөзінше, өңірде резиденттерді даярлау үшін 2 жыл қатарынан облыс әкімінің гранттары бөлініп келеді. 
- Дегенмен, өзге ауруханаларда аталған сала дәрігерлері жетіспейді. Самар мен Күршім ауданында онколог мамандар жоқ. Ол жерде тек онкологиялық көмек координаторлары жұмыс істейді. ОКК қызметін жалпы медицина дәрігері, терапевт-дәрігер атқаруы мүмкін. Кадр мәселесі бойынша Шемонаиха ауданы көш бастап тұр. Бұдан бұрын ауданда мамандар тапшы еді. 1,5 жылдың ішінде 17 дәрігер жұмысқа тартылды. Бізде тәжірибеден өткен резиденттердің өңіріміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істейтініне қуаныштымыз, - деді орталық директоры.

Қымбат МУХАМАДИЕВА