Күршім ауылы ішінде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс шарасын жүргізу кезінде «Тойота» көлігі тоқтатылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күндізгі сағат 12.30 шамасында Б.Момышұлы көшесі бойында азамат Е. басқаруындағы көлік тоқтатылып, медициналық куәландыру арқылы тексеру барысында жеңіл дәрежелі мас күйінде екендігі анқталған.
- Аталған құқық бұзушылық бойынша азамат Е.-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1 бөлігіне (Көлік құралын масаң күйінде басқарғаны) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған. Сот шешіміне сәйкес азамат Е. көлік құралы басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алыну тағайындалды, - делінген мәліметте.
kurshim_turhyny_zheti_zhylha_zhurgizushi_kueli
59