«Күршім–Адалдық алаңы» жобалық кеңсеcінде тұрғындарды қабылдау жүргізілді

507
көрілім

Күршім ауданында өткен жылдың желтоқсан айында ашылған «Күршім–Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі кешенді шаруалар атқарылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жобаның негізгі мақсаттарының бірі – халық пен билік арасындағы қашықтықты қысқарту, сыбайлас жемқорлық сипаттарын  алдын алу және жою. Аталмыш кеңседе аудан әкімі, орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес және қажет болған жағдайда кезектен тыс қабылдайды.
Аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында ашылған жобалық кеңседе өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс атқаруда, демек азаматтарға онлайн- режимде мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндік жасалған.
Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша бірыңғай қабылдау барысында жергілікті тұрғындар түрлі мәселелерін айтып, көмек сұрап келуде. Жалғызбасты, көпбалалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған жандар, сонымен қатар кәсіпкерлер түрлі арыз-шағымдарымен келеді. Қабылдау барысында жол, несие, тұрғын үй, жарықтандыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Әр арызданушының сұрағы мұқият қаралып, шешімін тапқандары да болды.
Өткен жылдан бастап бүгінге дейін  жеке қабылдау жүргізу барысында 240 өтініш түскен.
 Соның ішінде:
- әлеуметтік көмек мәселесі бойынша – 37
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері  – 56
- жер мәселесі – 76
- ауыл шаруашылығы – 23
- білім саласы – 3
-  денсаулық саласы - 1
- басқа да сұрақтар бойынша – 44
 Әлеуметтік  желілер арқылы - 432 өтініш  жазылып, барлығына  жауап   берілді.
 Атқарылып жатқан шаралар ауданымызда сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоя білуге арналуда. Жобаның сапалы іске асырылуы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде басшылар мен әр қызметші белсенділік танытқаны абзал, - дейді мамандар.