Күршімде 1 миллион теңгенің балығын аулаған браконьерлер ұсталды

1068
көрілім

Күршім ауданында заңсыз балық аулаған 3 ер адам құрықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, аудандық прокуратура өкілдері мен тәртіп сақшылары бірлескен рейд барысында «Құйған-Күршім» тасжолында «Нива» көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде анықталғандай, 24 жастағы ер адам 391 келі балықты заңсыз тасымалдаған. Осының салдарынан мемлекетке 529 000 теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.

- Сонымен қатар 8 сәуір күні Бұқтырма су қоймасында тыйым салынған аумен балық аулаған екі браконьер ұсталды. Олар Күршім ауылының 46 және 50 жастағы жұмыссыз тұрғындары болып шықты. Ер адамдардан жалпы салмағы 236 келі тартатын, 488 000 теңгенің балығы тәркелінді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.