Күршімде Балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өткізілді

565
көрілім

Күршім аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Серік Манапов 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай полиция қызметкерлері балаларының басын қосып, мерекелік іс-шара өткізді.
Тəтті-дəмділерден сый-сияпат жасады, аудандық Мəдениет үйі əншілері арнайы шақырылып балаларға əн-шашу тарту етілді.
Бөлім басшысы құттықтау сөзінде:
- Қымбатты балалар!
Сендердің оқуда озат болуларыңа, жарқын болашаққа нық қадам басып, еңсесі биік ел азаматтары атануларыңа тілектеспін!
Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін! - деп ақжарма тілегін арнады.

Өз кезегінде балалар тəртіп сақшыларының қызметі жайлы сурет салып, тақпақ айтып өнерлерін ортаға салды.