Күршімде қоқыс төгушілер жауапқа тартылды

438
көрілім

Күршім АПБ ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция тобының инспекторлары жүргізген рейдтік іс-шара  барысында, Күршім ауылдық округіне қарасты "УЧХОЗ" учаскесіндегі рұқсат етілмеген  орынға «Газ-53» маркалы  автокөлігімен қатты тұрмыстық қоқыс төгіп жатқан азамат анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған дерек  бойынша Күршім ауылының тұрғыны азамат Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы, 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар Күршім АПБ қызметкерлері рұқсат етілмеген орындарға қоқыс төгу дерегін анықтауға бағытталған мониторингтік топпен жүргізілген тексеру жұмыстары барысында Күршім ауылы, Абай көшесінде тұрмыстық заттарды төгу дерегін анықтады. 

 - Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы рейдтік іс-шара барысында барлығы 3 факті анықталды, - делінген мәліметт.