Күршім ауданында «Мен және менің полицейім» тақырыбында акция өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шара аясында аудан мектептерінің оқушыларына «Қоғамдық орындарда және жолдарда мінез-құлық қағидалары» тақырыбында дәріс өткізілуде. Онда балалар сурет салып, қиялындағы тәртіп сақшысын бейнелейді.
– Жалпы, бұл акцияның мақсаты – балалар мен ересектерді полицияның жұмысымен таныстырып, оң имиджін қалыптастыру болды. Сондай-ақ оқушыларды қоғамдық орындардағы жол жүру ережелерімен таныстыру, – деді ұйымдастырушылар.
Сонымен қатар аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарында балаларға қоғамдық орындардағы, жолдардағы жүріс-тұрыстың, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде мінез-құлықтың негізгі ережелерін үйрету де назарға алынған.