Күршімде полиция қызметкерлері ауызашар берді

4771
көрілім
Шартты фотосурет

Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ораза ұстаған жандарға ауызашар берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ізгілікті һәм қасиетті істен күршімдік тәртіп сақшылары да шет қалған жоқ. Күршім АПБ бастығы, полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы Манапов бастаған ұжым аудандық  орталық мешітте ораза ұстаған жандар мен ауыл тұрғындарына ауызашар ұйымдастырды.
– Ораза – тән мен жанның тазаруы. «Он бір айым бір төбе, бұл бір айым бір төбе» дегендей ауыз бекітудің адам денсаулығы мен жан дүниесінің жаңаруына пайдасы зор екендігін айтқан бөлім басшысы ораза ұстаған жандарға жақсы тілегін білдірді. Жиналған жамағат өз кезегінде күршімдік тәртіп  сақшыларына ризашылығын білдірді, - делінген мәліметте.