16 қараша күні Күршім ауданының полиция қызметкерлері 12 калибрлі мылтықпен заңсыз аң аулаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Ағымдағы жылдың 16 қараша күні, шамамен сағат 11.30-да Күршім ауданының тәртіп сақшылары «Зайсан-Боран» тасжолында 12 калибрлі мылтығы және атып алған маралы бар 40 жастағы ер адам басқарған ВАЗ-21122 автокөлігін тоқтатты.
Оқиға орнында маралдың қаңқасы мен 12 калибрлі мылтық тәркіленіп, суретке түсірілді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Заңсыз аң аулау фактісі ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген.
kurshimde_zansyz_an_aulau_faktisi_anyktald
61