Күршімдік мүмкіндігі шектеулі спортшылар Азия біріншілігінен жүлделі оралды

921
көрілім

Қырғыз Республикасының Шолпан ата қаласында қол күрестен өткен XVI Азия біріншілігінде 11 елдің спортшылары бақ сынасты. Қазақстан құрамасы сапында Күршім ауданынан 3 спортшы қатысып жүлделі оралды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Мүмкіншілігі шектеулі спортшылар арасында (АРМ-1) 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Үшбұлақ ауылының тұрғыны Ерік Рүсжанов оң және сол қолымен күш сынасуда 2 қола медальды жеңіп алды. Жасөспірімдер арасында 80 келі салмақ дәрежесінде сол қолымен 2 орынды Күршім №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Бақытжан Мырзахмет иеленсе, Өскемен педагогика колледжінің 1 курс студенті Зарина Мусина 70 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында 2 орынды қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, күршімдік Бақытжан Мырзахмет 2017 жылдың кыркүйек айында Венгрияда өтетін Әлем біріншілігінің жолдамасын ұтып алды. Айта кету керек, спортшыларды жарысқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әділбек Баймухамбетов және Арман Қайырбаев дайындап апарған болатын.