Күршім ауданы аумағында 22-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс - шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, шараның мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы мен мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу. Сондай-ақ аталған алдын алу шарасы аясында ІІМ комитеттері мен департаменттерінің 2022 жылғы бірінші тоқсанға арналған жедел-профилактикалық іс-шараларды және арнайы операцияларды өткізу кестесін орындау міндеттеледі.
– Аудан аумағында өтіп жатқан «Тұрмыс» жедел алдын алу іс-шарасы барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, көше мен қоғамдық орындардағы мас күйдегі адамдарды анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Учаскелік полиция инспекторлары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды бақылап, олармен профилактикалық жұмыс жүргізеді, – Күршім АПБ бастығы, полиция полковнигі С.Манапов.
Жауапты тұлға отбасы-тұрмыстық қатынастар бойынша жасалатын қылмыстардың алу – осы іс-шараның басты мақсаты екендігін атап өтті. Өз кезегінде Күршім АПБ қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасы аясындағы міндеттерін талапқа сай атқарып, аудан тұрғындарынан жауапкершілік танытуды сұрайды.
Н.Сабырбекова,
Күршім АПБ ӘЗЗҚтИ,
полиция капитаны