Күршім аудандық полиция бөлімі Күршім аудандық прокуратурасы жолдаған челленджді қабыл алып, аудан орталығындағы Б.Момышұлы көшесінің бойында белгіленген аумаққа шырша екті.
— «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды,»- деген нақыл бар. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? Бұл акцияны өткізудегі негізгі мақсат аудан тұрғындарын аумағын таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, елді мекендерді таза әрі жасыл ауылға айналдыруға шақыру. Егер де әрбір тұрғын өз ауласын таза ұстап, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, ауданымыз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз, — дейді Күршім АПБ бастығы, полиция полковнигі Серік Тоқтарханұлы Манапов. Сонымен қатар,
Күршім АПБ ұжымы әкімшілік ғимараттың аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бөлім ғимаратының алдында гүл көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысты.
Аудадық полиция бөлімі жеке құрамының ұйымшылдығы арқасында тазалық пен тәртіпке қол жеткізілді.