Күршім ауданына қарасты ауылда ауқымды жұмыс мердігер анықталған соң басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, аудан бойынша 27 мәдениет ошағы бар. Оның біреуі - аудандық Мәдениет үйі, 26-сы ауылдық клубтар.
- Жалпы алғанда ол жерлерде 109 өнерпаз жұмыс істейді. Мәдениет ошағы бар ауылдардағы нысандар жағдайын жақсы деуге болады. Алайда Құйған елдімекеніндегі ауылдық клубты жөндеуге 60 млн теңге қарастырылған. Қазір конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Марқакөл өз алдына аудан болып бөлінсе де, бірлескен жұмыстар жалғаса бермек. Мәселен, ондағы Ақбұлақ ауылындағы мәдениет ошағын жөндеу үшін 10 млн теңге қажет. Бұл жағынан да конкурстық рәсімдер жалғасуда, - деді аудан әкімінің орынбасары Мейіржан Альбеков.
Әділхан ЕСІМХАНОВ