Аймақ басшысы Даниал Ахметов өңірдегі медициналық мекемелердің бас дәрігерлерге коронавирусты үй жағдайында қалай емдеуге болатыны жайлы түсінуге жеңіл алгоритм ойластыруды тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл нұсқаулық жұқпалы вирустың жеңіл деңгейіндегі науқастар үшін. Осындай тәжірибе күзде екінші толқыны басталатын коронавируспен күрес кезінде өзін-өзі емдеу барысында едәуір септігін тигізеді.
Ең бастысы, емделуге келгенде дәрігер мен науқасқа ортақ дүние екендігін жете түсіну керек. Мәселен, науқас ПЦР тестін тапсырып, 24 сағат ішінде нәтижесін ала алмаса, онда кеткен қателік туралы дәрігер зертханаға хабарлауы тиіс. Ондай зертханаларға лицензиясын айыруға дейін қатаң жаза бекітілуі мүмкін. Қазіргі уақытта өңір коронавирустың екінші толқынының басталуына толықтай әзір. Мамандардың айтуынша, тиісті медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмек қоры, оттегі концентраттары жеткілікті мөлшерде. Ендігі жұмыс – қауіп төнген жағдайда науқастың не вирус жұқтырды деген күдігі бар тұрғындардың өз беттерімен дұрыс ем жасаудың алгоритмін сақтау. Осының барлығын ескере келе қауіпті вирусты бірлесе ауыздықтауға мүмкіндік моляды.