ҚазАқпарат мәліметінше, егер темекінің бір данасы 10 мың теңгеден қымбат болса, салығы акциз түрінде 10 пайызға жоғары төленеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлттық экономика министрлігі кеден және салық саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағнаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жаңа Салық кодексін таныстыруға арналған іс-шарада байлық салығының ішімдік пен темекіге қатысты мөлшерлемесі қандай болатынын айтты.
- Сондай-ақ, қымбат темекі, қымбат алкогольдік өнім деген сияқты акциздік өнімдер бар. Егер темекінің бір данасы 10 мың теңгеден қымбат болса, салығы акциз түрінде 10 пайызға жоғары төленеді. Ал қымбат алкогольдің 1 литрі жарты миллион теңгеден асса, акциз түрінде 10 пайыз жоғары төлейді, - деді министрлік өкілі.