Бұқара.кз сайты қыркүйек айына арналған Ай күнтізбесін ұсынады.
Күні |
Жұмыс уақыты |
Ай фазалары |
|
Зодиак белгілеріндегі Ай тұрысы |
|||
Жексенбі 1 қыркүйек Дүйсенбі 2 қыркүйек Таразы |
06.09-дан |
1 фаза
|
1. Бұршақ тұқымдары мен өзге дақылдарды жинау. 2. Татымдық, дәрілік және гүл тұқымдарын бөлу. Бөлме өсімдіктерін қайта отырғызу. 3. Топырақты ылғалдандыру. Тереңге кеткен тамырларға 7-10 шелек су құю. 4. Қыс мезгілі алдында жидек бұталары мен жеміс ағаштарына минералды және органикалық тыңайтқыштар себу. 5. Тез пісетін шалғам егу. Рауғаш пен сидераттарды отырғызу. 6. Көкөністер, жидектер мен саңырауқұлақтарды кептіру және мұздату. 7.Жертөлелерді зарарсындандыру. |
Сейсенбі 3 қыркүйек Сәрсенбі 4 қыркүйек Сарышаян |
06.38-ден
|
1 фаза |
1. Қыс мезгілі алдында жидек бұталары мен жеміс ағаштарына минералды және органикалық тыңайтқыштар себу. 2. Күздік сидераттарды отырғызу. 3. Қырыққабат, көкөніс тұздау, түйінді консервілеу. Сарымсақ пен пиязды жинау, жеміс-жидектерді мұздатудың қажеті жоқ. |
Бейсенбі 5 қыркүйек Жұма 6 қыркүйек Сенбі 7 қыркүйек Мерген |
10.09-дан 17.38-ге дейін |
2 фаза 6 (09.12) |
1. Ұзақ мерзімге сақтау үшін алма мен алмұрттың қысқы сорттарын жинау. 2. Тамыр жемісті жинастыру. 3. Қызанақ, бұрыш және баялды өнімдерін жинау. 4. Үй жағдайында консервілеу. 5. Ағаш бұталарын қиып, күзгі кесу жұмыстарын жүргізу. |
Жексенбі 8 қыркүйек Дүйсенбі 9 қыркйүек Тауешкі |
|
2 фаза |
1. Ұзақ мерзімді сақтау үшін өнімдерді жинау (оның ішінде алма мен алмұрт). 2. Көпжылдық гүлдер мен көкөністерді бөліп, қайта отырғызу. 3. Бақша өсімдіктеріне органикалық тыңайтқыштар сеуіп, топырақты ылғалдандыру. 4. Сидерат өсімдіктерді отырғызу. 5. Жерді күзгі және көктемгі отырғызуға әзірлеу. 6. Компосты қайта отырғызу. 7. Үй жағдайында консервілеу. |
Сейсенбі 10 қыркүйек Сәрсенбі 11 қыркүйек Бейсенбі 12 қыркүйек Суқұйғыш |
04.25-тен
16.13-ке дейін |
2 фаза
|
1. Картоп пен өзге тамыр жемістерді сақтау үшін қайта отырғызу. 2. Зиянкестерден тазартып, қылтимадан бөлме өсімдіктері сақталған жерге көшіру. 3. Жемістерді тосап қайнату үшін жинау, шырын мен компот қайнату. 4. Үзіліп түскен жемістерді жинастырып, пайдаға жарату. 5. Зиянкестермен күресу. |
Жұма 13 қыркүйек Сенбі 14 қыркүйек Балықтар |
11.54-тен 22.37-ге дейін |
Ай толысқан шақ (14.35) |
1. Су қоймаларын қадағалау. 2. Бақшадағы топырақты ылғалдандыру. 3. Қыркүйектің 12-13 күндері шарап қайнату үшін жеміс-жидектерді жинастыру. 4. Дәрілік тамырлар әзірлеу. Ұзақ мерзімді сақтау үшін өнімді жинаудың керегі жоқ. |
Жексенбі 15 қыркүйек Дүйсенбі 16 қыркүйек Сейсенбі 17 қыркүйек Тоқты |
05.34-тен 17.32-ге дейін |
3 фаза |
1. Бақтағы өсімдіктерді жазғы кесу жұмыстары. 2. Аурулар мен зиянкестерге қарсы бүрку, түтінмен улау. 3. Қызанақ пен георгин гүлін мұртшаларынан тазарту. 4. Жеміс-жидектерді шырын мен компот дайындау және тосап қайнату үшін жинау. |
Сейсенбі 18 қыркүйек Сәрсенбі 19 қыркүйек Торпақ |
10.51-ден 23.34-ке дейін |
3 фаза |
1. Сарымсақ пен сәндік пиязды отырғызу. Бөлме өсімдіктерін қайта отырғызу. 2. Ылғалдандырылған суғару жүргізу. Күн райы құрғақ болса тамыр жайылатын қабатты тереңдігі 1,5-2 метр тереңдікке дейін су жіберу. Тыңайтқыштар себу. 3. Қызыл қарақаттың сабақтарын әзірлеу. 4. Кеш пісетін картоп, тамыр жеміс, қырыққабатты жинастыру. 5. Көкөністерді консервілеу. Әсіресе икра, лечо әзірлейтін болсаңыз сәтті шықпақ. |
Жұма 20 қыркүйек Сенбі 21 қыркүйек Жексенбі 22 қыркүйек Егіздер |
03.59-дан 11.59-ға дейін |
4 фаза 22 (08.44) |
1. Анемон, георгин, қоянот, жералмұрт, балдыркөк жинастыру. 2. Екіжылдық, көпжылдық өсімдіктерді, клематис пен нәркесті қазып алу. 3. Күзгі қайта отығызуға жерді тереңдеп қазу, топырақты қопсыту. 4. Жеміс ағаштарының бұталарын кесіп тазарту. 5. Кеміргіштерді жоятын арнайы препараттарды шашу. |
Жексенбі 22 қыркүйек Дүйсенбі 23 қыркүйек Сейсенбі 24 қыркүйек Шаян |
11.59-дан 16.20-ға дейін |
4 фаза |
1. Ылғалдандырылған суғару жүргізу, топырақты қопсыту, жабындау. Көкөніс дақылдарының барлық түрлеріне ағаш түбінің шеңберіне тыңайтқыштар себу. 2. Жералмұрт, георгин, тамырлы балдыркөкті қазу. 3. Бұталарды тазартып, санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу. Ұзақ мерзімді сақтау үшін тамыр жемісті жинастырудың қажеті жоқ. |
Сәрсенбі 25 қыркүйек Бейсенбі 26 қыркүйек Арыстан |
17.38-ге дейін
|
4 фаза |
1. Қара және қызыл жемісті шетенді, шырғанақты жинастыру. 2. Тамырлы балдыркөк пен жералмұртты, қырыққабатты ұзақ мерзімді сақтау үшін жинастыру. 3. Раушангүлді, көпжылдық бұталарды, клематисті, ағаш бұталарын санитарлық мақсатта кесу. |
Сенбі 27 қыркүйек Жексенбі 28 қыркүйек Бикеш
Жексенбі 29 қыркүйек Дүйсенбі 30 қыркүйек Таразы
|
17.04-ке дейін
16.43-ке дейін |
4 фаза
Ай туған шақ 29 (00.25)
|
1. Күздік сарымсақ пен пияз, сәндік дақылдар, сондай-ақ жауқазын отырғызу. 2. Балдыркөк пен жералмұртты жинастыру. 3. Алғашқы суықтан кейін георгин мен баршынгүлді қазу. 4. Ылғалдандырылған суғару жүргізу, тыңайтқыштар себу, жабындау. Консервілеудің керегі жоқ. 1. Жылыжайдағы шашылған жапырақтарды жинастыру. 2. Ескі ағаштар мен бұталарды кесіп, томарлардың орнын тегістеу. 3. Санитарлық кесу. Жиналған өнімді консервілеуге немесе мұздатуға, Ай жаңарғанға дейін бір тәулік бойы кез келген дақылды себуге, отырғызуға болмайды. |