Қыркүйектің екінші сенбісі алғашқы медициналық көмек көрсетудің дүниежүзілік күні аталып өтілді

330
көрілім

Биыл бұл күн 9-қыркүйекте аталып өтті.

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың (бұрынғы №1 қалалық аурухана) қабылдау бөлімшесіне бұрындары сын көп айтылатын. Қабылдау бөлімшесіндегі жағдайдың жақсы жаққа өзгергеніне көп болған жоқ. Бөлімшеге қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды. Жұмыс істеу әлдеқайда жағымды және пациенттер үшін қолайлы.Қабылдау бөлімшесіне барлық шұғыл, жедел және төтенше жағдайлардағы науқастар жеткізіліп, мұнда тиісті медициналық көмек сол қарқынмен жедел көрсетіледі. Ауысым кезінде бөлімшеге 130-дан 170-ке дейін қоңыраулар түседі, ал статистика бойынша демалыс және мереке күндері қоңыраулар саны одан да артады. Ең кең профильді жедел медициналық көмек тәулік бойы дәл осы жерде көрсетіледі. Келіп түскен науқастардың 30 пайызға жуығы мамандандырылған бөлімшелерге жатқызылады.

«Біз орташа есеппен тәулігіне 130, кейде одан да көп пациентті  қабылдаймыз. Бізге сондай-ақ аса ауыр науқастар келіп түседі, олар одан әрі анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде емделеді. Мен жедел жәрдем бөлімшесінде тоғыз жыл жұмыс істеймін. Жұмыста әртүрлі жағдайлар кездеседі. Кейде ашулы, шыдамсыз науқастар да ұшырасады, бірақ біз мұндай адамдарды тыныштандыруға тырысамыз, сабырға шақырамыз, өйткені біздің міндетіміз оларға көмектесу.  Науқастар тарапынан жылы сөздерді жиі естиміз, - дейді қабылдау бөлімшесінің медбикесі Руза Байбосынова.

Бөлімшеде қажетті зерттеулер жүргізуге барлық жағдай жасалған. Қан анализі, зәр анализі, биохимиялық зерттеулер жүргізетін бөлмелер бар, электрокардиография, УДЗ, эндоскопиялық зерттеу, рентгендік зерттеу, компьютерлік томография жасалады. Шағын операциялық бөлме, процедуралық кабинет жұмыс істейді.
-Ауруханаға ауыр жағдайда түскен адамның өмірін  қабылдау  бөлімшесіндегі  мамандардың кәсібилігі мен реакциясының жылдамдығы шешетін жайттар кездеседі. Науқастың өмірі дәл сол сәтте қасынан бірінші табылған адамға байланысты болатын жағдайлар да болады. Бұл жерде әңгіме тек дәрігерлер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері туралы ғана емес. Кез келген адамның  алғашқы медициналық көмекті көрсетуді білгені артық болмайды. Бұл халықаралық мереке шын мәнінде қысылтаяң шақта қасында қажетті материалдар мен дәрігерлердің болмауына қарамастан дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті шұғыл түрде көрсете алатын адамдарға арналған. Сондықтан біз барлық азаматтарды осы мерекемен құттықтаймыз. Тұрғындарды бей-жай қалмауға, жанашырлық пен қамқорлық танытуға, өзіңізді күтіп, басқаларға қамқорлық жасауға шақырамыз, - деп атап өтті  орталық директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Елена Куликова.