Қыстың соңғы айында ауа райы қандай болмақ?

462
көрілім

«Казгидромет» РМК қыстың соңғы айына алдын ала болжам жасады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Ақпан айы жауын-шашынмен басталады. Түнде ауа температурасы минус 10-17 градусты, күндіз минус 7-15 градусты көрсетеді, - деп хабарлады «Казгидромет» өкілдері. - Ауа температурасының төмендеуі бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің соңына қарай орын алады.

Бұл күндері сынап бағанасы түнде минус 17-22 градусқа дейін төмендейді.