Чэнду қаласындағы CapitalBio биотехнологиялық компаниясы "Цинхуа" университеті және "Хуаси" медициналық институтымен бірлесе отырып реагент жинағын жасап шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Baq.kz ке сілтеме жасап.
Бұл құрылғы диагностикалық жүйеде қолданылады. Сондай-ақ ол бір сәтте алты вирус түрін анықтай алады, оның ішінде коронавирусты да.
Аталған құрылғы арқылы вирусты анықтау үшін түрлі биоматереиалдың үлгісін алып тексерсе жеткілікті екен, яғни науқастың мұрыннынан немесе ауызынан сілекей алып тексереді. Ал нәтижесі 1,5 сағатта дайын болады екен.