Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаны емханалық сынақтан өткізу күні белгілі болды

348
көрілім

Коронавирусқа қарсы эксперименттік вакцинаны сәуір айының соңында емханалық сынақтан өткізеді. Бұл турады жұма күні Қытайдың Ғылым және технология министрі Сюй Наньпин мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сюй Наньпиннің айтуынша, Қытай жаңа вирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуді жеделдету үшін бір уақытта бірнеше технологиялық әдістер қабылдаған. «

- Індеттің таралуының бастапқы кезеңінде қолданылған нуклеин тестілерін негізге ала отырып, Қытай вирусты диагностикалау үшін жаңа жоғары сезімтал өнімдерді әзірлеу бойынша күш салды. Коронавирусқа қарсы эксперименттік вакцинаны алғашқы емханалық сынақтан өткізу сәуірдің соңында басталады, - деп хабарлады Сюй Наньпин.