Биыл Марқакөл өңірінде қыс қатты болды. Былтырғы жылдың аяғында болған қардың апталап жауғанымен қатар боранды күндері бүкіл аудан елді мекендерін қар құрсауында қалдырды. Күзде толассыз жауған жаңбырдың әсерінен шабылған шөптері қарайып, шіріп кеткен ауыл тұрғындарының зәресі кетті. Ала жаздай жинаған шөптері күзде шіріп, жаңа шабылған шөптері қар астында күпана болып, шөптері үйлеріне тасылмай қалған ауыл тұрғындарының бүгінгі күндері өте мүшкіл еді.
Төрт түлікті қыстан қалай аман алып шығамыз деп отырғанда, қалың қардың құрсауында қалып, үйлерінен шыға алмай қалу қаупі туындады. Көшелер мен аулаларға соңғы тәулікте жауған қардың мөлшері екі метрден асып түсіп, көше арасында дүкенге жетуге жол болмай қалды. Жан-жақтан қарым қатынастар тоқтап, елді мекендер тұрғындары қатты күйзеліп, сарыуайымға салынды. Аурулар саны күннен күнге арта бастады. Тәуекелге бел буып, жолаушылап шыққандар жолда қалды. Оқыс оқиғалар да аз болмаған сияқты. Ауыл ішінде қария, жалғызбасты адамдардың үйлерінің төбесін қар басып, ауласындағы қардан далаға да шыға алмай қалды.
Көшеде жаяу жүргіншілер мен автокөліктердің жүруі қиындады. Таулы аймақта тебінде жүрген жылқылардың жағдайы өте аянышты болды. Алдымен қар түсіп, кейін жауын жауып, арты қатты аязға ұласты. Жаңбырдан соң қабыршық мұз қатып, тебінде жүрген жылқылар шөп тауып, оны табудан қалды. Бірінің бір құйрық-жалдарын жеп, соны корек етті. Кейбір биелер іш тастады. Жайылымда қалған жылқыларды ауылға айдап келу жағы тұрғындарға мұң болды.
Қар құрсауында қалған жылқылар, қасат қарды бұзып-жарып, жалғыз аяқ соқпақпен, жайылым жерлерді іздеді. Қардың қалыңдығы сондай, алыстан жылқының тек құлақтары көрінетін болды. Тұрғындардың айтуынша, осындай жағдай 1966 жылы, кейін 2010 жылдары болған екен. Кеңес үкіметі тұсында тікұшақтармен жеп-шөп ауа қатынасы арқылы жеткізілген болатын. Барлық елді мекенге көмек көрсетілген. Марқакөл ауданында оңды-солды болмаған осы жағдай, тұрғындарды әбігерге түсірді. Ауылдың ежелгі тұрғыны Назгул Аманжолова жағдайдың өте қиынға соққанын байқап, Шығыс Қазақстан облыстық «Маркакөл-Қожамбет» қоғамдық қорымен байланысып, олардың басшыларына болып жатқан жағдайдың жай-жапсарын түсіндірді.
Қоғамдық қордың басшылары тездетіп комиссия құрамын бекітті. Әр ауылдық округтардың белсенді мүшелері комиссия құрамына сайланып, өздеріне жүктелген жауапкершілікті мойындарына алды. Алдын ала жоспар құрылып, облыс көлемі бойынша «дабыл» қағылды. ШҚО әкімдігі ауданда төтенше жағдай жариялады. 16 қаңтарда бірінші көмек мемлекет тарапынан Төсқайың ауылында қатты ауруға ұшыраған қарияға тікұшақ жіберілді. Ол облыс ауруханасына жеткізіліп, ота жасалынды. Бірақ көп ұзамай, қария апамыз о дүниеге аттанды. Бүкіл аудан елді мекендері қар құрсауында жатқандықтан «ОблШығысЖол» кәсіпорнының ауыр техникалары Өскемен қаласынан ауданға қарай сапар шекті. Қар астында қалған Марқакөл, Қайнарлы, Караой, Ақбұлақ, Қарашілік, Мойылды, Ақжайлау, Ұранқай, Бұғымұйіз, Төсқайың, Шанағаты, Балықты бұлақ ауылдарына қар күреу техникалары жұмылдырылды. Күн-түн демей қар күреушілер, жолдарды қасап қардан тазартып, ауылдарға қарай жол ашты. «Қаршыға» кен кәсіпорны Ақбұлақ ауылының жолын тазалап, Күршімге шығатын жолға дейін ашып берді. Тәулігіне екі сағат қана демалған жұмысшылардың еңбегі өте жоғары деңгейге деп санауға болады. Ыстық тамақты түн уақытында ерікті азаматтар өз көлігімен жеткізіп отырды.
Автотехника жұмыс істеген соң сынбай тұрмайды, оларға жөндеуге қолғабыс жасаған – еріктілер тобының азаматтары. Сынған бөлшектерін іздестіріп, тауып әкелуге көмектерін аямады. Мекеме жұмысшылары Саят Абраев, Серік Буктуков Маркакөл тумалары. Жанқиярлықпен қармен алысып, барлық ауылға жол ашты деуге болады. 15 қаңтар 2024 жылы қоғамдық қордың комиссия басшысы К.Байгундинов дереу ауылда белсенді азаматтардың құрамыннан топ құрды. Топқа еріктілер болып Аязбек Дамир, Тимур Айкенов, Бакытбек Жаманбаев, Назгүл Аманжолова, Амантай, Бауыржан, Саят Икамбаевтар, Бакытбек Байсаков, Эльмира Тратауова, Ойрат Чекаков, Жанат Азимбаев, Ләйла Жұмекенова, Солтанбек Тоқтауов, Кайрат Терлікбаев, Ерлан Оралханов, Айнұр Тұрдығұлова, оның жұбайы Ерлан, Дүйсен Калибеков, ағайынды Рашид пен Асхат Дукеевтер, Кенжехан, Бату Кумарбек Жайламысов, Сайран Қасенов тағы да басқа белсенді азаматтар өз еріктерімен белсене кірісіп, жұмыстарын жауапкершілікпен атқара бастады.
15.01.2024 жылы «Марқакөл Қожамбет» қоғамдық қоры арнайы ашылған шотка 214 000 мың теңгені бірінші болып көмек ретінде жіберді. Ең алғаш есепшотка қордың мүшелері Әнуарбеков Серік - 200 000 теңге, Турдыгулов Жолаушы ағамыз - 100 000 теңге көлемінде өз көмектерін тастады. Қордың мүшелері Дамир Аязбек - 20000, Бақыт Жаманбаев -10000, Руслан, Бағжамал қорға – 10 000 теңгеден көмектерін берді. Қорға күнделікті жан-жақтан ақшалай көмектер түсіп жатты. Сонау Қызылорда облысының Қармақшы ауылының тұрғындарынан да қомақты қаржы түсті. ГСВГ, ГВВД республикалық қоғамдық бірлестігінің ардагерлері өз көмектерін ақшалай шотқа жіберді. Марқакөл ауылының тумасы Ербол Абдықалықов мал азығына 20 тонна тегін жем берді. Бақытбек Манап 100 000 теңгенің ақшалай көмегін жасады. Ауыл тумасы кәсіпкер Бату Кумарбек 8 машина шөп, Ақселеу Аршын Бағдолда 2 рулон, Асхат Уанбаев 10000 тенге ақшалай көмек берді. Бату Кумарбек Зайсаннан келген қонақтарды күтіп алып, 20 шақты адамды бірге кафеде тамақтандырды. Әрине, барлық адамның аты-жөнін қағаз бетіне түсіруге болатын еді, тек Алла тағала барлық көмек жасаған осындай қысыл-таяң сәтте көмек жасағандарға еселеп сауаптар жазсын демекпіз.
Алғаш қар жауған сәттен бастап еріктілер тобы, қария адамдармен жалғыз басты ауру-сырқауы бар адамдардың үйлерінің төбесін, ауласын күреп, сауап алып жатты. Төбе, аула тазалаудан алдарына жан салмаған Садықов Мейірбек, Теміралов Бока, Дукеев Ришад, Касенов Сайран деген ауыл азаматтары. Осыған мұрындық болған Қабдуәлиқызы Назгүл қарындасымыз ұйымдастырушылық қабілетін танытты. Қария адамдардың разылығына бөленді. Комиссия мүшесі Асхад Дукеев Ұранқай ауылында төтенше жағдайға байланысты жолға шыққан құтқарушыларға тамақтарын беріп, жатын бөлмелерін реттеді. Қордан бөлінген азық-түлікті, дәрі-дәрмекті Төсқайың, Шанағаты ауылдарына жеткізуге Айкенов Тимур Ғалымжанұлы аэрошанамен көмек қолын созды. Жолдың жоқтығына, қалың қарға қарамастан, азық-түлік, дәрі-дәрмек мұқтаж жандарға жеткізіліп берілді. Шанағаты ауылында бірнеше күн электр желісі үзіліп, тұрғындар жарықсыз отырды. Сондай жағдай Маралды ауылында болды. Далада минус 51 градус аязды көрсетіп, тұрғанына қарамастан, аудан электриктері ондай температураны көрмеген, соған қарамастан электр желісін қайта қосып, тұрғындарды қуантып тастады. Еріктілердің «төтенше жағдай» кезінде атқарған жұмыстары ұшан теңіз деуге болады. Әсіресе, жемшөп тасуға келгенде Марқакөл ауылының азаматтарының халыққа жасаған игілік істері шексіз болды. Өз жұмыстарын тастай сала, халыққа қол үшін беруге асыққан Дүйсебаев Ерлан, Асхад Дукеев, Сайран Хасенов, Дүйсен Калибеков,Садықов Мейірбек, Дукеев Асхат,Серғазинов Азамат тағы басқа азаматтар күн-түн демей, жатпай тұрмай, көмекке қол созған ағайынтуысқандардың жем-шөбін, мұқтаж адамдарға автокөлікпен тасып, жемшөптерін өздері түсіріп, адамдардың рахметіне бөленді. Зайсан ауданың елді мекендерінен жиналған жем-шөптерді таулы аймақтағы Төсқайың, Балықтыбұлақ, Шанағаты, Бұғымүйіз, Ұранхай, Ақжайлау, Қайнарлы, Караой елді мекендеріне өз қолдарымен тиесіп, түсірісіп, ауылда тұратын мұқтаж тұрғындарға жем-шөбін қылдай қылып бөліп, адамдарды разы қылды. Осы ауылдарға көмек ретінде 300 рулон шөп, 30 тоннаға таяу жем таратылды. Ақбулак ауылыда шет қалмады, оларға жүз мешок жем қалдырылды. Ауыл арасында жол болмағандықтан жем оларға апарылмады. Адамдардың оларға дегені алғысы өте шексіз. Алғаш қар жауа салысымен ең алғаш қармен күрескендер ЖШС «Марқакөл жолдары» мекемесінің жұмыскерлері Марқакөл, Қарашілік, Бұлғары-Табыты,Ашалы, Қараой, Қайнарлы, Ақжайлау елді мекендерінің жолдарын қасап қардан тазартуға күштерін аянбай салды. Осы мекеменің зейнеткері Иқамбаев Амантай, оның ұлдары Бауыржан,Саят өз көліктерімен тегін жем-шөптерді ауыл-ауылға тасып, мұқтаж жандарға өз көмектерін жасады. Мекеме жұмысшылары Молдыбаев Талғат,Саттыбаев Асқар, Алдажаров Ризабек,Мұстафин Жанболат,Қорсақбаев Дидар,Мәзбаев Саят, Варакин Алексей күн-түн демей 18 сағат қармен алысып, бір-екі сағат қана ұйықтауға шамалары келді. Марқакөл ауылының жеке кәсіпкері Бату Құмарбек тұрмыстары шектеулі мұқтаж жандарға азық-түлікпен көмектесіп,тегін берілген жақын ауылдардан, қаладан жем – шөптерді тасумен,өз күш-жігерін салып, аянбай қызмет етті. Біздің жоғарғы атаулы «Марқакөл-Қожамбет» қоғамдық қорының чотына түскен республикалық көлемінен қаржы-қаражат жалпы саны 1 147 000 теңгені құрады (миллион жүз қырық жеті мың теңге). Өскемен, Зайсан қалалары мен Зайсан ауданың ауылдық мекен жайларынан Жаңаауыл, Қарабұлақ, Біржан, Айнабұлақ, Қуаныш, Ақарал ауылдарынан Зайсан ауданың әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы мен Зайсан ауданның меценаты Мықиянов Даулет бастаған азаматтардың көмегіне шексіз ризамыз. Марқакөл ауданның Қалжыр, Боран ауылдарынан кәсіпкер Әзімбаев Жанат шығарылған тегін берілген, жем-шөптерді таулы аймақта қар құрсауында қалған Мойылды, Ақжайлау, Ұранхай, Бұғымүйіз, Төсқайын, Шанағаты, Балықтыбұлақ ауылдарының тұрғындарына тегін таратылды. Марқакөл ауылдық аймағына қарасты Қайнарлы, Қараой ауылдарына да жем-шөп тегін апарылып, мұқтаж жандарға қылдай қылып бөлінді.Тек тиеу,тасымалдау үшін автокөлік шығындары 501 000 теңгені құрады. Жанар-жағар маймен автоқөліктерді толтырып құю жұмыстарына 223300 теңге ақша шығындалды. Қар қүреушілерді, қосалқы жұмысшыларды, автоқөлік жүргізушілермен, трактористерді тамақтандыру жұмыстарына 279 255 теңге мөлшерінде ақшалай қаржы шықты. Таулы аймақтағы ауырған-сырқаған адамдарға 102 110 теңге көлемінде дәр- дәрмекпен қамтаматсыз етуге кеткен қаражат шығыны. Қәзір қордағы ақшамыз түгесілді.Халықтан түсіп-келіп жатқан ақшалай қаражат әзірше тоқтатылды. Мемлекет тарапынан 1,3 тонна жанар-жағар май оты көмекке берілді.16 қаңтар айында ауырған қарт адамға тікұшақ Төсқайың ауылына ұшып барып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді. Ауданда орын алынған «Төтенше жағдай» облыстық әкім Е.Б.Көшербаевтың назарында болды. Көмекке «Облшығысжол» мекемесінің қар күрейтін техникалары жеткізілді. 10-15 күннің ішінде бірталай елді мекендер қар құрсауынан шығарылды. Соған қарамастан қардың қарқыны әлі тоқтамастан жауып, жолдардың барлығын бекітіп, тұрғындарды әбігерге түсіріп жатыр. Қатты аяздың да лебі адамдардың көңіл-күйлерін түсіріп, малдарын қалай қыстан шығарамыз деген сарыуайымға салына бастады. Қардың қалыңдығы көше арасында қатынасты тоқтатып, оқушылар мектепке бара алмай, тұрғындар жағы азықтүлік жағынан қысылып, дукендерге жете алмай отыр. Кейбір ауылдарда өз күштерімен қарды күреп, халыққа жағдайларын жасап жатыр. Жаңадан ашылған ауданның шама-шарқы әліде аз екеніне, табиғат апатына қарсы күші жетпейдігіне көзіміз жетіп отыр дейді тұрғындар. Техника жетіспейді, ауылдардың қысқа дайын еместігін осы жағдай көрсетіп тұр. Кәсіпорындар ауылдарда жоқ, техника жағы ауылшаруашылық мекемелерінің нашар екендігің, ескіргені, әбден тозығы жеткендігін көрсетіп тұр. Ауданда тек бір жанар-жағар май станциясы орталықта орналасқан. Шаруашылықтар Зайсаннан, Күршімнен, қаладан жанар-жағар майды бөшкелермен тасымалдайды. Бір азғана әкелінген жанар майлар, көпке жетпейді. Мәселен,Төскайың ауылында қыс бойы 200 литр солярка ған болған.Оны мектепте сақтап отыр. Шекарашылардың өзінде жанар май өте тапшы,техникалары сынық, жүре алмайтынын осы сәтте ғана білдік. Басқа заставлардың да жағдайлары мәз емес. Аудан аудан болып қалыптаспайынша, енді тұрғындардың көретіні осындай болар. Жаңадан әкім келіп, ол жағдайды жасағанша көктем шығар.Көктем айының өз проблемалары да баршылық, оның да шешімдерін табу керек.
«Марқакөл-Қожамбет» қоғамдық қорының мүшесі, төтенше жағдайға байланысты ауданда құрылған комиссия төрағасы Байгундинов Қайырхан Қазбекұлы