Ресми ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаметі өкілдері ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қозғалыс бірнеше аудан арқылы жалғасады.
- Құйған ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 13 наурыздағы №319 өкімімен мұз бетіне қызыл судың шығуына байланысты «Қызыл ту» мұз өткелі арқылы автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылғандығы туралы шешім қабылданды. Қозғалыс Алтай, Үлкен Нарын, Зайсан елді мекендері арқылы айналмамен жүзеге асырылады, - делінген мәліметте.