Құйған ауылдық округі әкімінің шешіміне сәйкес «Қызыл ту» өткелі бойынша мұздың қалыңдығы өлшенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды. Мамандар автокөлік тізгіндеушілер үшін маңызы бар мәлімет ұсынбас бұрын барлығын қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға шақырды. Оқыс оқиға болған жағдайда «112» арнасына қоңырау шалуға болады.
Жуырда аталған өткелдегі мұздың қалыңдығы өлшенді. Күршім ауданы жағынан қалыңдығы 40-42 см, орта тұсында және Көкпекті ауданы жақтан 37 см-ді құрады. Осыған байланысты өткелден жүк көтергіштігі екі тоннаға жетпейтін автокөліктерге жүруге рұқсат етілді. Бұдан бөлек, ұзындығы алты шақырымды құрайтын қашықтықта жылдамдықты 20м/с-тан асырмаған жөн.