Күршім аудандық полиция және төтенше жағдай бөлімі, «ОблШығысЖол» қызметкерлерінің тізе қосуымен өткел басындағы қауіпсіздікті сақтау үшін шлагбаум орнатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшыларының ескертуіне сәйкес қазір мұз үстінен жүру өте қауіпті.
- Мұз жұқа болғандықтан көліктің суға кету қаупі бар. Құрметті Күршім ауданының тұрғындары мен қонақтары, мамандардың ескертуі бойынша қауіпсіздік шараларын сақтап, кесте бойынша жүріп тұрған екі паром арқылы өтулеріңізді сұраймыз. Өзініздің және жақындарыныздың өміріне қауіп төндірмеңіз, - делінген мәліметте.
kyzyl_tu_otkelinde_zhuruge_tyyym_salatyn_b
59