27 сәуірде облыс тұрғындары мен ниет білдірген кез келген адам Ұлан ауданы аумағындағы Қызылтас тауына шығады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұйымдастырушылар онда тауға шығу ғана емес, өзге де қызықтар көп болатынын айтуда. Сізді не күтеді? Ең алдымен Қызылтас биігіне көтерілесіз. Содан кейін:
Салт атпен серуендеу;
Садақ ату;
Рафт, джип, тау велосипедтері;
Туристік жүлде қоры қарастырылған;
Этно-ауыл, глэмпинг лагерь, балалар алаңы және жудкорт деген қызықты шара бар.
Фестиваль құны - 10 000 теңге.
Бұл бағаға фестивальге дейін және қайта жеткізу, тәжірбиелі гидтердің жұмысы мен туристік лагерь ішіндегі навигациясы, таудағы қауіпсіздік техникасы бойынша туристерге нұсқаулық сияқты қадамдар кіреді.
– Егер тауға шыға алмасыз, тұлпарға мініп, серуендей аласыз. Бұл ретте билет бағасы – 20 000 теңге. Ол басқа бағытта өтетін шара. Осындай бағадағы билет құнына жоғарыда айтылғандардың бәрі кіреді, – делінген мәліметте.
Толығырақ ақпаратты +7 705 219 6885 (Айгерім менеджер) нөміріне хабарласып алуға болады.