«Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда» – Қасым-Жомарт Тоқаев

11918
көрілім
Фотосурет abnews.ru сайтынан

Ақордада өткен Парламенті Мәжілісінің отырысында Президент Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жекелей тоқталып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет.

– Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан – оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша мерзімге ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған. Бұл – стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп, қолдау көрсету. Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда, – деді Президент.

Мемлекет басшысы шын мәнінде, күштік құрылымдардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілмегендігін атап өтті.