Латын әлiпбиiмен оқытамыз

321
көрілім

Үкiмет отырысында Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев нөлiншi сынып қашаннан бастап латын әлiпбиiнде оқытылатынын еске салды, деп хабарлайды газет тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

- Нөлiншi сыныпты енгiзу үшiн дайындық жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Бәрiңiзге белгiлi, 2020 жылы нөлiншi сынып латын әлiпбиiнде басталуы тиiс. Келесi оқу жылынан бастап даярлық топтар мен сыныптарда әлiпби апробациясын бастау үшiн осы жылы әдiстемелiк комиссиялар жұмыстарын аяқтауы қажет, - дедi Ерлан Сағадиев.

Сондай-ақ министрдiң айтуынша, елiмiздiң орта бiлiм беру мекемелерiнде оқу жүктемесiн азайту мақсатында белгілі бір жұмыстар жүргізілуде.

Ерлен ОСМАНОВ