Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитовтің айтуынша, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Мақаншы ауылында жүргізіліп жатқан су құбыры құрылысының барысымен тағы бір мәрте таныстым. Су құбырын тартуға келісімшарт жасалып, 2018 жылдың жаз айында су құбырын тарту бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша су тарту жұмыстарын республикалық бюджеттен қаржыландыру 2021-2022 жылдарға дейін кезеңге бөлініп қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, – деді аудан басшысы.
Одан бөлек, Нұржан Тоқсеитов қазылған жерлер мен жолдар жоба бойынша бастапқы қалпына келтірілетіндігін жеткізді.