«Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс шарасына ветеринариялық бақылау бөлімшелерінің мамандары тартылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қалалық полиция басқармасы мәліметінше, тексеріс 21-23 ақпан аралығында жүргізіледі.
- Шара мал ұрлығының алдын алу және анықтау, мал ұрлығына қатысы барларды ұстап, жауапкершілікке тартуға бағытталған. Аумақтық ветеринариялық бақылау бөлімшелерінің мамандары қолұшын беруде, - делінген мәліметте.
Тәртіп сақшылары мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерде тиісті құжаттамасының болуына баса наза аудармақ.