Мамандар Өскемендегі еліктің қалаға қайдан тап болғанын айтты

403
көрілім

Мамандардың айтуы бойынша, елік жыртқыштардан қашып, адасып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Еліктерді қалаға жақын жердегі Каменный Карьер ауылының маңынан және ЖМК мөлтек ауданына жақын жерден кездестіруге болады, - дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы Сергей Стариков. - Елік иттерден немесе жабайы жыртқыштардан қашып қаланың ішін паналауы мүмкін.

Еске сала кетейік, елік қала көшелерінде екі күн бойы жүгіріп жүрген болатын. Апта соңында Өскемен қаласы Полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев елікті Гагарин Бульвары көшесінде көлік қағып кеткенін хабарлаған болатын.