Сәуірде қазақстандықтар 9 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді, ал мамырда 20 жұмыс күні және 11 күн демалыс болады, деп хабарлайды газет тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ЕGov порталында жарияланған мерекелік күнтізбеге сәйкес, 30 сәуір демалыс күні болып саналады. Сондықтан бұл күн 28 сәуірдегі сенбі күніне ауыстырылады. Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.
1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Осылайша қазақстандықтар 29 сәуірден 1 мамырға дейін демалады.
Сондай-ақ, 5 мамыр сенбі жұмыс күні болып белгіленіп, демалыс сейсенбі, яғни мамырдың 8-не ауыстырылады. 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күні, ал 9 Мамыр - Жеңіс күні. Осылайша қазақстандықтар 6-9 мамыр аралығында қатарынан төрт күн демалады.
Айсұлтан АЗАМАТ