Қазгидромет синоптиктері 7-9 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтыныі тілшісі, Kazinfrom.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдағы күндері Өзбекстаннан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық өңіріне қысқа мерзімді, бірақ көптен күткен жылу әкеледі.
Республиканың солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында түнде минус температура сақталатынына қарамастан 9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометр бағандары 20-28 градус жылыны көрсетеді.
Бірақ батыс аймақтарда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Ең алдымен оңтүстік циклон ықпалымен жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдауы мүмкін.
Циклоннан кейін солтүстік-батыс антициклоны келеді.
Осылайша жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.