Манас Сейсембаев. Хирургтің скальпелі денсаулықты қайтарады.

406
көрілім

Профессор Манас Сейсембаевтың негізгі ғылыми әзірлемелері. клиникалық жетістіктері бауыр ауруларын диагностикалаудағы проблемалар мен хирургиялық емдеумен, өт шығару жолдарына реконтструктивтік-қалпына келтіру оталарымен, бауыр трансплантологиясы және эндовидеохирургиямен байланысты.

Халықаралық INVITRO компаниясы жүргізген Қазақстан халқын тексерудің нәтижесі көрсеткендей, отандастырымыздың 40%-ы бауыр ауруларына шалдыққан. Бауыр аурулары күрделі сипатта болады және оның емі ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Манас Ахметжарұлы Сейсембаев 1950 жылы 2 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Семей Мемлекеттік медициналық институтының емдік факультетінің түлегі (1973 ж.). Бауыр және өт жолдарының хирургиясын Манас Сейсембаев 80-жылдары қолға ала бастады. 90-2000 жылдары Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы Ғылыми орталықтың бауыр, өт жолдары және ұйқы безі хирургиясы бөлімінің меңгерушісі болады.

Манас Сейсембаевтың «Тұрақты механикалық сары ауру кезінде рационалды хирургиялық тактиканы таңдау» (1988 ж.) және «Холецистоэктомиядан кейінгі ауруларды диагностикалау және хирургиялық емдеу» (1995 ж.) атты зерттеулері Қазақстанның көптеген науқастарына денсаулығын қайтаруға көмек берді.

Профессор Манас Сейсембаев бірқатар кәсіби журналдардың редакторы болып табылады, соның ішінде «Хирургиялық гепатологияның анналдары», «Қазақстан хирургиясының хабаршысы», «Қазақстанның трансплантологиясының хабаршысы» және тағы да басқалары бар. Ол 450-ден астам ғылыми жұмыстың, 9 монография мен әдістемелік нұсқаулықтардың, өнертабысқа 70 авторлық куәландырулардың авторы. Оның жетекшілігімен 7 докторлық және 15 кандидаттық диссертация қорғалды.

«Жаңа технологияларды әзірлеу және хирургияға енгізу» жұмыстарының циклдары үшін Манас Сейсембаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атағына ие болды (1999 ж.). Көп жылғы адал қызметі, Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау ісіндегі ерен еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды (2006 ж).

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.