Мұндай ақпаратты облыстық экономика басқармасы басшысының орынбасары Гүлшат Қорғанбекова ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның 3 миллионы тұрғындардың өз табысы. Қалғаны басқа бюджеттерден түскен сома.
– Өздеріңіз білесіздер, мұнда әлеуметтік нысандар да бар. Оған медициналық пункт пен мектепті мысал етсек болады. Оларды ұстау үшін облыстық және республикалық қазынадан 278 млн теңге қажет. Одан бөлек, биыл Маралды ауылдық округін дамыту үшін 1,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға жол жөндеу, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі, – деді ол.
Жауапты тұлға Өскемендегі жиын барысында көптің көзінше аз-маз есеп-қисап жүргізіп көрді.
– Бұл дегеніміз жиынтық табыс тұрғысынан алғанда алдың өз бюджетінен 640 есеге көп. Маралды ауылының табысы – 3 млн теңге. Егер алтын өндіретін фабрика салынса, округті ұстап қалудың бірден-бір жолы осы деп санаймын. Күршім ауданының бюджеті 8 млрд теңге десек, тұрғындар табысы – бар болғаны 4 млрд теңге, – деді Гүлшат Қорғанбекқызы.
Осы ретте «Altai-News Медиа-орталығы» ЖШС бас директоры Арсений Дюсенов ойын ортаға салып, тұрғындар табысының аз болуы ауыл тұрмысының оңалуын тежейтінін.
– Жаңа ғана білім басқармасының басшысы Инесса Александровна «Маралдының бір оқушысына білім беру үшін 2,5 млн теңге керек» деді. Тіпті, оқушы саны жеткілікті болғанның өзінде, оларды оқытуға ақша жоқ. Сонда олар сол күйі білімнен қағыла ма? Мынаны түсініп алған жөн. Республикалық бюджет – аймаққа, аймақ – ауданға, ауданнан – округке бөлінеді, – деді Арсений Кеңесұлы.
Оның сөзінше, мемлекет қазынасын қалыптастыруда инвестор, жер қойнауын пайдаланушылар және басқалары өз үлестерін қосып отыр.
Әділхан ЕСІМХАНОВ