Әр ауылдың бір белсендісі бар. Бәлкім, одан да көп. Шыбын жаны шырқырап, кіндік қаны тамған елдімекеннің еңсесі еңкеймей, өміршеңдігі ұзара түссін деген тілекте. Округке жауапты атқамінерлер көп жайтты жадынан шығарып алса керек, сол арды ауылдың егде жастағы тұрғындары жеткізді. Ең әуелі көптің көкейінде қатымхананың жоқтығы жүр екен, соның салдарынан түрлі жиын-шаралар өткізуде қиындық туындайды. Одан бөлек, бірқатары аудан әкімінің қабылдауында бола алмай, өтінінш-тілектерін осы күнге дейін жеткізе алмай жүргендері белгілі болды.
Есірік суға есіріп еді
Бастапқы екі мәселеден тыс, Маралдыда талай жылдан бері тұрып жатқан Бағила Бекенқызы (аты-жөні өзгертілген) ауыл әкімін сайлау кезіндегі кейбір дүниелер ақылға сыймайтындығы, бірқатар жан өзін-өзі ұсынғандығы жайлы ақпар ұсынды. Аты айтып тұрғандай-ақ ауыл әкімдерін халық сайласа, өзін-өзі ұсыну сол жауапты тұлғалар мынадай ой қалыптастырды: сол ауылдың тыныс-тіршілігін жақсарту, я болмаса тезірек басшылық қызметке орнығу. Жә, бұл өткен күннің еншісінде. Бағила Жексенқызының осы уақытқа округ, ауыл әкімдерінің сылбыр жұмысына көңілі толмады. Бір ғана зейнеткер емес, Маралдыдан өткен жылы қоңырау шалған оқырмандар ауылда арақ-шарапты жасырын түрде, оның ішінде кәмелет жасына толмағандарға да сауадалайтын орындарды біле тұра, әкімдіктің шырпы басын сындырмай отырғандығын қызына айтқан болатын. Дегенмен соңғы уақытта аудандар көлемінде «үйдегі» дүкендер жаппай жабылып жатқандығын ескерсек, есірік суға тойып алып есіргендер саны да азайған болар бұл ауылда. Заңамаға сәйкес ауыл әкімдерін сайлау науқаны бірнеше жылда Маралдыға жетер. Ал оған дейін аудан басшылығы назар аударуға тиіс жағдай, ауылда қатымхананың болмауы. Шағын ауыл деп шеттемесе, осындай бір нысанның бой көтеруі орынды-ақ. Болмаса, көлемді бір бөлменің осыған шақталуы құптарлық дүние
– Ауылдық клуб үйінде бірнеше жылдан бері қыбыр еткен тіршілік жоқ. Ара-тұра мәдени шаралар өткізілгенімен, көптің қатысуымен басқа ешнәрсе қолға алынбайды. Қуаныш пен қайғы қатар жүретіндіктен той-томалақ, қатым шығарып, ас беру қажеттілігі туындағанда маралдылықтар абыр-сабыр болып қаламыз. Себебі, өткізетін орын жоқ. Клуб үйінің әкімшілігі осы жағын қарастырмай ма екен? – деді Бағила Алпысова.
Жауапты тұлғалармен жолыға алмады
Тұрақты оқырманның бұл сауалына әкімдіктегілер келесідей жауап берді. Ресми ақпаратқа сәйкес бұл жағы қарастырылмаған екен. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқовтың сөзінше, ауылдық клуб мәдениет ошағы болғандықтан тек мәдени шаралар өткізуге арналған. Одан бөлек, қазіргі таңда пандемияға байланысты барлық мәдени шаралар, оның ішінде: концерттер, кездесу кештері, дөңгелек үстелдер мен байқаулар онлайн түрде өткізіледі. Әлбетте, бұл жағы құптарлық. Шектеу бар, яғни, клуб үйін қатымхана тұрғысында пайдалануға рұқсат берілмепті.
– Облыстық монополияға қарсы комитетінің нұсқаулығымен және кәсіпорын Жарғысының негізінде ауылдық клуб ғимараттарында жиын-той, қатым, ас беруге тиым салынған. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – халық шығармашылығын, этно-мәдени дәстүрлерді насихаттау, атаулы даталарға арналған мәдени шараларды өткізу, фестивальдер мен сайыстарды ұйымдастыру, – деп қорытындылады аудан әкімдігіндегілер.
Осындай сауалдардан соң әкімдік қабылдауында бола алмаған тұрғындар да төбе көрсетіп, шағымданды. Айтуларынша, өтініш-бұйымтайларын жеткізу үшін Маралдыдан аудан орталығына арнайы атбасын бұзған тұрғындар, олардың ішінде зейнеткерлер де бар, жауапты тұлғалармен жолыға алмай, тауы шағылып қайтқан.
– Күршім аудан әкімінің қабылдауы әр аптаның бейсенбі күндері. Шалғай ауылдардан келген тұрғындар аудан әкімінің орынбасарларына жүгінеді, – делінген мәліметте.